Қазақстанда төлқұжат жақын арада латын қарпімен берілмек

Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов қазақ әліпбиін 2021 жылдан бастап, латын қарпіне аударуға дайындалған жоспар туралы баяндады,-дейді «Ұлт ақпарат» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2021-2023 жылдары мемлекеттік тілде Қазақстан Республикасының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды

латын графикасы негізінде беру көзделген.

Филологтар мен ғалым-лингвистерді тарта отырып, халықты үйрету үшін, семинарлар мен курстар ұйымдастырылады.

«Үшінші кезең 2024-2025 жылдары мемлекеттік органдарының, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік БАҚ және баспа құжаттарын кезеңмен көшіру жоспарланған.

Министрлік жанында жұмысты үйлестіру мақсатында «Тіл қазына» орталығы құрылуда»,-деп түйіндеді Ерлан Қожағапанов

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *