Қазақстандық оқушыға 4 шетелдегі ЖОО таласуда

Астананың № 9 «Зерде» мектебінің оқушысы Кипр, Қытай, Гемания, Катар елдерінен шақырту алған, деп хабарлайды Қазақпарат.
Астаналық оқушы бірнеше шетелдік оқу орындарынан шақырту алған.

11-сынып оқушысы Нұрәлі Сарбақыш «Зерде» мектебінде 5-сыныптан бастап оқиды. Бүгінде физика пәнінен мемлекеттік олимпиадалар жеңімпазы, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынының қатысушысы.

«Мұғалімім Хамбар Хатап физика пәніне деген қызығушылығымды оятты. Бастапқыда электр, магниттік қозғалыстар қызықтырды. Қазір ақпараттық технологияны зерттеп жүрмін», – дейді ол.

Нұрәлі ҰБТ-дің 140 сұрағының 120-сына дұрыс жауап береді. Өзі бастап шетелдік оқу орындарына өтініш берген.

«Қоршаған орта менің өсуіме, түрлі адамдармен араласуыма көмектеседі», – дейді Нұрәлі.

Қазіргі уақытта оқушыны European University of Lefke (Германия), в Beijing Institute of Technology (Кипр), University of Science and Technology of Shanghai Jiao Tong (Китай) және Carnegie Mellon University (Катар) оқу ордалары қабылдапты.

Астаналық оқушы енді АҚШ пен Финляндиядағы оқу орнынан және Назарбаев университетінің шақырту күтіп отыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *