Қазақстандық студенттер АҚШ-та өтетін кәсіпкерліктің Әлем кубогіне қатысады

2018 жылдың 9-11 қазанында Силикон алқабында әлемдегі 36 ел қатысатын  ENACTUS WORLD CUP 2018 Студенттік кәсіпкерлік бойынша Әлем кубогі басталады.

Үш күнге созылатын Enactus World Cup-тың алғашқы күнінде ашылу салтанаты, кейін жартылай финал және әлем чемпионатының финалы өтеді. Сондай-ақ, делегациялар өздерінің тұрғындарының өмірі мен дәстүрлерін таныстырып, World Project Fair — әлемдік жобалар көрмесін ұсынатын мәдени жәрмеңке өткізіледі.

Жыл сайын ұйымдастырылатын Әлем кубогі — әлемнің әртүрлі қалаларында, Париж, Нью-Йорк, Сингапур, Лондон, Барселона, Берлин, Куала-Лумпур, Йоханнесбург және т.б. өткізілетін әлемдегі бірегей оқиға. Әлем чемпионатына әлемнің 36 елінен ұлттық чемпиондар қатысады.

Мемлекет делегациясында ұлттық жарыстың жеңімпаздары M. Narikbayev KazGUU University, Enactus Kazakhstan президенті —  Ержанова Альбина Мейірбековна жəне де кәсіпкерлер бар. Бизнес-əріптестер делегациясын Enactus Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы — Баталов Раимбек Анварович басқарады.

Елдің делегациясы студенттер мен бизнесмендерді қамтиды, олардың бірі — Enactus Kazakhstan компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов. Сондай-ақ,  Enactus Kazakhstan бағдарламасының серіктестері — KPMG Kazakhstan and Central Asia, Chevron, Asia Water компаниясы «Turan суы» сауда маркасымен, Mall Aport, Air Astana, LG, Beeline Kazakhstan, Аграрлық Кредиттік Корпорация, TSSP, Tартіп , Астана Халықаралық Қаржы Орталығы және KMF Демеу.

Серіктестер Walmart, Microsoft және басқа да танымал ғаламдық компаниялар Enactus бағдарламасының дамуына белсене қатысады және Enactus World Cup-та студенттік кəсіпкерлікті бағалайтын болады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *