Арнайы стипендиялық бағдарлама бойынша гранттар бөлінді

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары мен шетел азаматтары отандық ЖОО-ларда тегін оқи алады. Оларға арнайы стипендиялық бағдарлама қарастырылған. Бұл туралы ақпарат ҚР БҒМ ресми сайтында жарияланған. 

Сайттағы хабарламада: «ҚР Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша отандық ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады», — делінген.

Қарастырылған грант саны:

  1. Бакалавриат – 25;
  2. Магистратура – 125;
  3. PhD докторантура – 10.

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.

  • Үміткерлер құжаттарды 2019 жылдың 15 мамырынан 19 шілдесіне дейін тапсыра алады.
  • Құжаттарды тапсыру Оператордың порталында келесі сілтеме бойынша жүзеге асырылады: https://enic-kazakhstan.kz/fellowship_programme/universities
  • Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек екенін ескеруін сұраймыз.

Барлық сұрақтар бойынша Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына төмендегі байланыстар арқылы хабарласуға болады.

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *