Қазақ тілі: кеше, бүгін, ертең

«Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығындағы» КММ жанындағы «COWERKING» жыйын залында «Ұлағат» шығармашыл жастар ұйымының мұрындық болуымен «Қазақ тілі: кеше, бүгін, ертең» деген тақырып аясында жиын болып өтті. Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылған шарада филология факультетінің ұстаздары мен профессорлары бас қосты.


Әңгіменің түп қазығы ертедегі Күлтегін, Тоныкөк, Орхон, Енисей жазуларынан басталып Ахаңның қазақ тілінің дамиуына сіңірген үлесі жайлы жалғасын тапты. Қазақстанның бүгіні мен болашағы, тілдік ахуал,жеткен жетістіктер мен кемшім тұстары айтылып, Елбасымыздың жаһандану заманындағы «Мәңгілік ел» болу идеясы мен өзекті тақырып латын қаріпіне көшу заман талабы екендігі сөз етілді.
Б.А.ҚАЛИЕВ филология ғылымдарының доценті: «Біздің латын әріпіне көшудегі басты мақсатымыз тіліміздің дыбыстық жүйесін қалыпқа келтіру. Біз осыны басты назарға алғанымыз жөн. Қазіргі таңда жастарымыз тіліміздің жазылу стилі емес әуезділігіне аса мән береді. Барлығыда ауызекі стиль бойынша қалыптасып барады. Бұл дұрыс емес. Қолданыстағы тілдің әуезділік бойынша жалғасып жатқандығына ең біріншіден әсер ететін негізгі фактор ол-ғаламтор тілі. Орфографиялық заңдылықтардың сақталмауы белең алып, санаға сіңіп барады. Тіпті аударманың өзі тікелей аударма болуда».
А.С.Әділова филология ғылымдарының докторы,профессор: «Кез-келген елдің жетістігі – тілінде. Сол себептіде тіл мерейі үстем болса, ел мерейі үстем болмақ. Қарап отырсаңыз, аса қатты мән бермегеніміздің өзінде сыртқы жарнамада қателіктер жетерлік. Ал, осы қателіктерді болдырмау үшін өзімізді өзіміз түзетуіміз қажет»
Аталған жиын барысында жас мамандар мен студенттер ойларында жүрген сан-салалы сұрақтарға тұшымды жауаптар алып, көкейге түйді. Өз кезегінде қоғамдағы ақпарат айдынында тележурналистика, газет, журналдарға да сыни пікірлер айтылып жатты. Бірі телеақпартатты қоғамдағы тілді қалыптастыруда антиқоғам десе, енді бірі
«Телевизия бизнес көзі болып бара жатыр. Күрмеуі шешілмеген түйіткілді мәселелер мақұлмен емес ақылмен шешімін тапса» — дейді.
Сұрақ-жауапқа толы бас қосуда тіл мерейін үстем ету мақсатында жас ақындар төл туындыларын көпшіліктің назарына ұсынды. Айтылған жыр шумақтар көңілден шығып жоғары бағаланды. Тағылымға толы берері мол жиындар жиі өткізіліп тұрса, ана тіліміздің мәртебесі өсе бермек. Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.

Анар ОРАҚБАЙ

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *