Қазақтың қызы Олимпиада чемпионы!

Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасының жеңімпаздары анықталды. Сапында Қазақстан тумасы бар. Беларусь құрамасы  жеңімпаз атанды.

Биатлоннан 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасында Беларусь елінің атынан қатысқан Динара Әлімбекова алтын медальға ие болды. Динара Әлімбекованың әкесі – қазақ, анасы – беларусь. Спортшы қыз 1996 жылы Қарағанды облысындағы Абай қаласында дүниеге келген. Үш жасында Динараның отбасы Беларусь еліне қоныс аударған. Сол жерде биатлонмен айналыса бастаған.

2018 жылғы Олимпиада ойындарында 4х6 шақырымдық эстафетада Қазақстан әйелдер биатлонының командасы медальсіз қалды. Бұл жарысқа Қазақстаннан Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климина қатысты. Бірінші болып Вишневская эстафетаны басынан екі рет құлап қалды. Дегенмен, екі атыс нысанында қосымша үш оқты пайдаланып, барлық нысаналарды жапты. Нәтижесінде қазақстандық биатлоншылар  14-ші орынды иеленді.
Айта кетсек, мәре сызығын екінші болып Швеция, үшінші Франция кесті. Қазақстандық биатлоншылар 14-орынға тұрақтады.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *