Қазақ қызы Мәскеуде дағыстандық жігіттен зардап шекті

 

Мәскеуде оқып жатқан қазақ қызы ғимараттың төртінші қабатынан құлап, зардап шекті. 21 жастағы бойжеткен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-інші курсында оқиды екен деп жазады Московский комсомолец.

Бейресми ақпараттарға сәйкес қыз бала дағыстандық жігітпен кездесіп жүріпті. Олар түскі үзіліс кезінде әңгімелесіп тұрады. Кенет араларында жанжал шығып, жігіт қызды терезеден итеріп жіберген. Абырой болғанда қыздың құлаған жері топырақ болып, аман қалды.

 

Бойжеткен жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз бас жарақатын алып, сүйектері сынған.

Жергілікті полиция өкілдері осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *