Қажылық етушілерді тасымалдаған автобус апатқа ұшырады

Ресейдің Тверск облысының Торж қаласынан шыққан экскурсиялық автобус аударылды. Мәскеу облысының Мытищи қаласынан қажылық етушілерді тасымалдап бара жатқан. Апатқа ұшыраған автобустың қажылыққа бара жатқан адамдарды тасымалдағаны белгілі болды. Жол-көлік апатының салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Көлікте жүргізушіден бөлек 38 адам болған. Апат салдарынан екі жолаушы қаза тауып, 11 адам ауруханаға түсті.

РФ ТЖМ Орталық өңірлік орталығының дерегі бойынша, қалған жолаушылар уақытша орналастыру бекеттеріне жеткізілген. Жақын арада  қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіледі.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *