БАӘ енді арзан бағамен баруға болады

Біріккен Араб Әмірліктері әрбір жанды таңғалдырмауы мүмкін емес. Туристтер жағажайларындағы ақ құмын, мөлдір таза суын өте жақсы бағалайды. Ұлттық тағамдары және өте жоғары деңгейдегі сервистік қызмет көрсетуі қуантады. Шоппинг жасағанды ұнататындар үшін өте тамаша мүмкіндіктер бар. Алуан түрлі базарлар, дүкендер бар. Сондай-ақ, түрлі сауда фестивальдері мен жәрмеңкелерінен әрбір турист өзіне керегін таба алады.

Белсенді демалуды ұнататын туристтер үшін жылқымен және түйемен қыдыру, теңізде балық аулау, гидроцикл мен су шаңғыларымен серуендеу, виндсерсфинг және тағы да көптеген түрлі қызықтар бар.

Сонымен қатар, Әмірліктерге жету өте жақын. Алматыдан және Астанадан Fly Dubai, Etihad Airways, Air Astana, Emirates Airlines әуе компаниялары арқылы тікелей рейспен ұшуға болады.

Егер, БАӘ-не жанып тұрған турларды пайдаланып барсаңыз өте тиімді болмақ. Бастысы, қонақ үйді, ойын-сауықтарды алдын ала іздеп бас қатырмайсыз, оның барлығын сіз үшін ұйымдастырып қояды. Тек, өзіңізге ыңғайлы нұсқасын таңдап, сапарға дайындала беріңіз.

«Біріккен Араб Әмірліктеріне 19 ақпаннан бастап Алматыдан ұшсаңыз екі орынды жерге бір адамнан 109 мың теңге, ал Астанадан 99 мың теңге», — деп хабарлайды Tengritravel.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *