мұз

Байқаңыздар, шатырдағы мұздан кісі мерт болуда

мұз

Қысқы уақытта қалың қар ғана жүріс-тұрысқа кедергі жасамайды. Сонымен қатар, кез-келген мекеменің шатырындағы мұздар да жерге құлап, әртүрлі келеңсіз жағдайларға алып келеді.

Түнгі суықта қатып, күндіз еріген мұз көбінесе, көліктердің үстіне құлап, көлік иесін шығынға ұшыратады. Тіпті, адамның басына түскен жағдайда, ауыр жарақаттарға алып барады. 

Бүгін Ақтөбе облысында 6 жасар баланың басына осындай мұз құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай балалар ойнап жүрген сәтте орын алған. ″Кенеттен шатыр үстінен құлаған мұз баланың басына түскен. Үлкен әрі ауыр мұз жас баланың басын жарып жіберген. Бала сол жерде жан тапсырды″ — деп хабарлайды Ырғыз ауданының бас дәрігері Жасқайрат Сүлейменов.

Қыс айлары аяқталып келеді. Күн біртіндеп жылыған сайын шатыр үстіндегі қар еріп, мұзға айналуда. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірі немесе мүлкіне  зиян келмесін десеңіздер, абайлар жүріңіздер. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *