10 Дек, 2018

Балаңыз бай болсын десеңіз — Рокфеллер әулетінің 4 құпиясы

  Миллиардер  Джон Д. Рокфеллердің мұрагері отбасылық бірлік пен ынтымақтың, байлықтың  құпияларымен бөлісті.

Кішкентайынан шектен тыс ерке болып, ақшаны онды-солды шашып өскен балалар болашақта өзің де, отбасын да құрдымға кетіретіні тарихтан мәлім, тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы,  Вандербильттер, Карнеги, Асторовтар әулетінің мұрагерлері.  Бір ғасыр бұрын бұл есімдер  «байлық пен биліктің» синонимі іспеттес болған.Ал қазір ол ұлы есімдер ұмытылды, қазынадан түк қалмады.  Алайда мұндай тағдырдан аман қалғандар да бар.  Рокфеллер әулеті — солардың бірі. 

 Джон Д. Рокфеллер тарихтағы тұңғыш доллорлы миллионер  үлкен отбасын құрған азамат.  Бүгінде ол кісінің ұрпағы 200-ге жуық әке-шеше, аға-апа,  немере-шөберелердің басын қосып отыр.  Олардың капиталы 2016 жылғы есеппен  11 миллиард долларды құраған. 

Бұл әулеттің тағы бір ерекше байлығы — тату-тәтті, бауырмал отбасы мен қарапайым, бақытты жандар.

Жақында  CNBC каналына   Rockefeller & Co., компаниясының басқарушысы Дэвид Рокфеллер-кішкентай мұрагер сұқбат беріп, отбасының табысты да тату өмірінің сырымен бөліскен болатын.  

 

1. Отбасылық кездесулерді жиі ұйымдастырыңыз

Бұл ең алдымен сіздің жалғыз емес екеніңізді көрсетеді. Ал балаларыңыз олардың отбасына тек әке-шешелері мен ата-әжелері  ғана емес, бөлелері мен ағалары, тәтелері де кіретінін  түсінеді. Олар тек көңілді достар, ақылды ксілер емес, сонымен қатар, өмірде өз орнын таба білген жандар.  Бұл балаларыңызға мотивация беріп, келешекте өзіне не керек екенін түсіне алады. 

Біз жылына бірнеше рет  отбасымызбен жиналып тұрамыз. Отбасылық форумдар өткіземіз. 100 — ден артық адам бір бөлмеге жиналып, сырымыз бен мұңымызбен бөлісеміз. 

Дэвид Рокфеллер

2. Отбасылық тарихтыұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырыңыз, бұл барлығыңызды біріктіреді. 

Бұл қағиданы орындау үшін Ракфеллерлер үлкен үйде жиналып, мұражайға айналған саябақта кездесулер ұйымдастырады.

«Бұл үйлер — отбасымыздың тарих қойнауында кеткен қаншама жылдар ішінде өмір сүрген мекені.
Мен арғы аталарымның 100 жыл бұрын өмір сүрген үйінде болып, өзімнің кім екенімді түсінемін. Біз бұл үйлерді өзгертпей, барлығын қаз-қалпында сақтаймыз. Мен атамның жүрген жолымен жүріп, оның бөлмесіне кіріп, ол тамақ ішкен ыдыстан дәм татамын.  Оның қандай жағдайда өсіп, баларының немен айналысқанын біле аламын. Бұның барлығы сол кезеңдерге сапар шегіп, сол сезімдерді бастан кешіріп, отбасымыздың әр мүшесіне деген ыстық махаббатты оятады», — дейді Дэвид.

Айтпақшы, әрбір  Рокфеллер  барлық жеті атасын, одан тараған әрбір ағайындарын жатқа біледі. Бұл да отбасын жақындататын фактор. 

3. Балаларыңызға еркіндік беріңіз

 Рокфеллер әулетінің  1911 жылы ашылған Standard Oil компаниясын АҚШ билігі бірнеше жеке фирмаларға бөліп тастаған болатын. 

Бұл жағдай біздің отбасымызға өте пайдалы болды. Әркім қазандағы тамақты өзіне тартып, таласқан жоқ. Әрқайсымыздың жеке кәсібіміз болды. 

Дэвид Рокфеллер

Әрбір мұрагер өзінің қалаған салысындағы кәсіппен айналыса алады. Бұл тұрғыда үлкен отбасы оны қолдап, қолынан келген  өкмегін аямайды. 

4. Көмек қажет болғанда, қол ұшын созудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз. 

Мықты болған сайын, басқаларға екі еселеп көмек бер. Міне, осы қағида  Рокфеллер әулетінің  ғасырлар бойы қалыптасқан ұраны.  

Нью-Йорк қаласында  Джона Д. Рокфеллердің сөзі мраморға жазылған екен:

Әрбір құқық — жауапкершілікті; әрбір мүмкіндік  — қарызды ; әрбір ақша — міндетті көздейтініне сенемін.

Бұл сөздерді мұрагер былай түсіндіреді: «Қаншалықты көп алсаң, соншалықты бересің». Байлыққа құнығып кетпей, көмекке зәру  жандарға әрдайым қол ұшын созуды әрбір отбасы мүшесі жақсы біледі. Сол себепті балаларды жастайынан қайырымдылыққа тәрбиелейді.  Мысалы, Дэвид  10 жасынан бастап қайырымдылықпен айналысады. Алайда одан оның несібесі азаймады, керісінше Жаратушы нығметтерін ұлғайтты. Асыл дініміз Исламда да садақаның бес парыздың бірі болуы тегін емес. Рокфеллерлер отбасы да байлық үшін артынан қашанда Жаратушыдан  сұралатынын жақсы біледі. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger