Балабақшада ұмыт қалған қыз далада үсіп жан тапсырды

Жаңа Мәскеуде балабақша тәрбиешілері үш жасар қызды серуендеуге алып шығып,  ұмытып кеткен. «Бала қардан табылды, бірақ ол үсіп мерт болған», — Ресей Федерациясының Іздеу Комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко, деп хабарлайды «РИА Новости». Алдын ала мәліметтер бойынша, таңертең тәрбиеші мен мейірбике жасөспірімдер тобымен бірге серуендеп оралғанда, балалардың бірі жоқ екенін байқайды. Балалар алаңына барып балақайды іздестіргенде ес-түссіз  қарда жатқан 2014 жылы туылған  қызды тауып алады. «Балабақшаның қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырды, ол баланың қайтыс болғанын мәлімдеді», — деді С.Петренко, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Осы  дерек бойынша «Адамның өз кəсіби міндеттерін тиісінше орындамау салдарынан абайсызда қаза болған» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің орталық аппаратында жүзеге асырылады. Тергеу жұмыстары жүргізілуде, бейнекамералардағы жазбалар, құжаттар және «басқа заттар» тәркіленген.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *