Балалар тәрбиеге емес, махаббатқа зәру

Неліктен балаларымыз бізбен уақыт өткізгісі келмейтіндігі жайлы ойланып көрдіңіздер ме?

Мүмкін, кішкентай кезінде жұмысымызды ысырып қойып, олармен бірге болуға уақытымызды бөлмегендіктен болар? Балалық шақ – өмірдегі ең нәзік әрі әлсіз кез.

Егер бірінші орынға баламыздың қажеттіліктерін қоймай, күнделікті жұмысқа беріліп кетсек, кейін оларға бізге уақыт бөлуін талап ете аламыз ба? Баланы туу және қамтамасыз ету – оны тәрбиелемеу емес. Оны тек материалды тұрғыдан қамтамасыз ету немесе сөзбен үйрету – нағыз тәрбие емес. Олар тәрбиеге емес, махаббатқа зәру.

Сіздер де мына сұрақты мен сияқты жиі естисіздер ме? Балалар әр кеш сайын менімен бірге жатқысы келеді, себебі, олар анасымен уақыт өткізгенді жақсы көреді. Бұл – менің сүйікті сөзім. Неге? Сіздерге айтып беруге рұқсат етіңіздер.

Біздің балаларымыз 10-да, 7,5-да, 6-да және 4-те. Білесіздер ме, 7 жасар ұлым мені оны ұйықтатуға барған сайын сұрайды.

«Анашым, менімен жата тұрасың ба?»

Мен көбіне оған былай жауап бергенімді ойласам, көңілім түседі:

«Тек бірер секундқа ғана, қымбаттым. Мен аға-әпкелеріңнің ұйықтағанына көз жеткізуім керек. Ас бөлмені жинауым керек. Жұмыстағы жазбаларыммен жұмыс істеуім керек. Әкеңмен кешкі ас ішкелі жатырмыз».

Себептерге қарамастан, ылғи бір нәрсені айтамыз:

«Тек бірер секундқа ғана. Одан да маңыздырақ жұмыстар бар».

Білемін, білемін, түні бойы жата алмаймыз. Бала оны басқа бүлдіршіндер сияқты күтеді.

«Саусағыңды берсең – бүкіл қолыңды тістейді»: біз 5 минут қана жата тұрамыз, ал, олар 20 минут болғанын қалайды. Біз 20 минут жатсақ, олар 40 болғанын қалап тұрады.

 Бірақ … Білесіздер ме? Бірнеше жылдар бұрын отбасылық досымыз ұйықтап жатып, түсінде қайтыс болды. Бір аптадан соң басқа қалада бір бала аулада ойнап жүріп, кенеттен көз жұмды. Маған бұл туралы ойлап, айту, жазу қиын.

Енді, баламның «Анашым, менімен жата тұршы» — деп сұрауы мен үшін кешке болатын ең жақсы сәттердің бірі. Себебі, мен 7 жасар балалардың аналарына айта бермейтін тұстарын естимін. 

«… маған бүгін сүйкімдісің деп айтты. Жиіркенішті, иә, Анашым?»

«Бүгін бізде математикадан қорытынды бақылау болды, мен жоғары балд алдым! Көрдің бе, анашым? Мен оқып, жақсы балл алдым!»

«Мен біздің итімізді сағындым. Мүмкін, басқасын алармыз, қалай ойлайсың?»

«Анашым, есіңде ме, сен маған күресте інім қалып бара жатса, көмектес дегенсің. Мен көмектестім. Әкем айтқандай, артынан бірден жүгірдім. Тіпті, ол оның қолынан келетіндігін айттым. Ол жүгірістен іші ауырып тұрғандығын айтты, мен оған жай жүгіріс менің ішімді пыстыратынына қарамастан, онымен бірге жүгіретінімді айттым, анашым!»

Мұның бәрі біз шынымен басқа істерді ысырып қойғанда болады. Оның бәрі біз істеуіміз керек немесе істегіміз келген басқа дүниелер туралы ұмытқанда болады.

Әжем маған балалар бізге зәру болғанда, олармен рахаттанып ал деген. Сондай-ақ, ол адамдар балаларымен уақыт өткізгілері келмесе, не үшін туатынын білмейтіндігін айтқан. Ол балаларын өсіргенді жақсы көретіндігін, мен де солай істейтіндігімді де айтқан еді.

Күйеуім екеуіміздің ата-аналарымыз кейін балаларымыз бізбен бұлай көп уақытын өткізгілері келмей қалатынын әрдайым еске салып отырады. Бұл ой менің жүрегімді қынжылтады.

Бірақ! Бұл күн — бүгін емес. Бүгін мен балам өтінсе, бірге жатамын. Барлық 4 баламмен бірге жатып, олардың сүйікті әндерін айтып беремін.

Егер төзіміміз таусылып, шаршап тұрғанда әр кешімізге 10 минуттан қоссам, ол уақытымды балаларымызбен өткізсем, мен бақытты күй кешемін. Оларды тыңдап, сергітіп, қайталап:

«Бүгін, дәл қазір сен – мен үшін ең маңыздысысың».

Білесіздер ме?

10 жылдан соң бұл сөздер ұлым 17 –де болғанда өзіме қайтып келеді және мен оған тоқтап, менімен бірер минут отыра тұруын өтінемін… және ол оны істейді.

Дереккөз: uduba.com сайтынан аударылды.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *