Барар едім…

Сағынып ырық берсең жасыңа сәл,
Ақ түскенге сеп болсам шашыңа сәл.
Кішігірім кешірім жаса дағы,
Кем-кетікті мендегі жасыра сал.

Ақын жанын білесің толы мұңға,
Тек үнсіздік танытшы соны ұғын да.
Сағынбайды дейсің бе сарылып бір?
Асықпайды дейсің бе жолығуға?!

Жырымды оқып жүрмеші қайта жылап,
Көңіліңді босатпа, байқа шырақ.
Періштеге айналсам барар едім,
Пендеге періштелік қайда бірақ?!

Бек Ноғайбайұлы

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *