Бавария-Реал: ойынға шолу

«Бавария» мен «Реал» арасындағы ойын европалық классикаға айналып үлгерген. Алдағы ойында екі команда 25-ші рет кездеспек. Екеуі де ЧЛ-ның жеңісіне үміткер команда болғандарымен, ешқашан финалда кездеспеген. 

Екі команда да топтық кезеңді 2-ші орынмен аяқтаған. Мюнхендіктер 15 ұпай жинаса да, доп айырмашылығымен «ПСЖ»-дан кейінгі орынға жайғасады. Мадридтіктер топта көш бастаған «Тоттенхэмнен»(оларда 16 ұпай) 3 ұпайға кем жинап, 2-ші орынға жайғасады. «Бавария» 1/8 финалда түріктің «Бешикташын» қиындықсыз ұтады(5:0, 3:1). Ал «Реал» болса «ПСЖ»-ны 3:1 және 2:1 есептерімен жеңіп, 1/4 финалға жолдама алады. 1/2-де Германия чемпиондары испаниялық «Севильядан» айлаларын асырады. Қорытынды есеп — 2:1. Мадридтік «Реал» болса туриндік «Ювентусты» екі матч қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жеңіп, осы кезеңге өтеді. 

«Бавария» мен «Реал» ЧЛ-ның 1/2 финалында 6 рет кездесіп, төрт рет «Бавария» финалға өткен. Осы кезге дейінгі өткен 24 ойында екі команда да 11 реттен жеңіп, екі ойында тең тарқасқан. Соңғы 5 ойында да «Реал» жеңіске жеткен. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *