Бельгия Бразилияны орта жолда қалдырды

Ширек финалдың екінші ойыны да өз мәресіне жетті. Қарапайым Бельгия пентакампеондарды 1:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 13-ші минутта бразилиялықтар сапынан Фернандиньо өз қақпасына соққы дарытып алған еді. Лукакудың пасын голға айналдыра білген Де Брюйне 31-ші минутта есепті 0:2 жеткізді. 76-ші минутта алаңға тыңнан қосылған Аугусто есепті 1:2-ге дейін қысқартқан. осы есеп ойын соңына дейін сақталып, бельгиялықтар жеңіске жетті. Енді олар жартылай финалда Франциямен финалдық жолдаманы сарапқа салатын болады. 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *