Білім және ғылым министрі мектепке неге 6 жастан бару керектігін түсіндірді

Алты жасар балаларды оқытудың артықшылығы мен 6 жастан бастап білім берудің негіздемесі – олардың білім алуға деген ықыласы, құштарлығы мен дамыған қиялы, когнитивті және психикалық даму ерекшеліктері.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинованың «Ашық диалог» сайтындағы блогына 1 қыркүйекте баласы 6 жасқа толатын анадан сұрақ келіп түсті. Әйел алты жастағы балаларды мектепке неге мәжбүрлеп жіберіп жатқандығын сұраған, — деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.  

— ҚР «Білім туралы» Заңының 31-бабына түзету ата-аналарды өзінің 6 жастағы балаларын 1- сыныпқа беруге мәжбүрлейді! ( … )

6 жасар балалардың оқуда жетістікке жетуіне синапстардың әсері бойынша зерттеулер жүргізілді ме? Егер, өткізілген болса, балалар қалай таңдалды, қандай уақыт ішінде өтті, нәтижелері неге қолжетімді емес? «Неге мен ана ретінде өз балама күнделікті жетістікке жетуіне кедергі келтіретін жағдайларды ерікті түрде жасауым керек?» деген сұрақ туындайды. Менің балам 6 жасында шағын үзілістермен 2-3,5 сағаттан партаға отыруға, әлі келмейтін тапсырмалар мен нұсқаулықтарды орындауға дайын емес, бірақ, бір жылдан кейін ол сол тапсырмаларды өз бетінше шеше алады, — деп жазады ата-ана.

Сондай-ақ, ол балаларға неге жеке көзқарас жоқ екеніндігін сұраған.

— Кейбір алты жасар балалар бірінші сынып оқушылары болуға дайын, ал, басқаларында әлі мектепте оқуға эмоционалды — ерік дайындығы қалыптаспаған! Барлығы әр түрлі, бәрін бір тараққа салуға болмайды! – деп ренішін білдірген.

Күләш Шәмшідинова алты жасар бірінші сыныпқа қабылдау туралы норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін және сұрақ авторының баласы мектепке баруға міндетті екенін айтты.

— Балаларды ерте жастан оқытудың халықаралық тәжірибесі зерделенді. ЮНЕСКО-ның мәліметі бойынша, 6 жастан бастап оқыту әлемнің 204 елінен 134 елде (65,7%), ал, 7 жастан бастап оқыту 42 елде (20,6%) бастау алған. Мысалы, 6 жастан бастап оқыту Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Канада сияқты елдерде басталған — деп жазды министр.

Қазақстанға келер болсақ, оның айтуынша, 2018 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен  «Балалардың ерте дамуы: проблемалары мен шешімін іздеу» тақырыбында сауалнама жүргізілді, оған балабақшалардың тәрбиешілері (1282 респондент), бастауыш сынып мұғалімдері (1703 респондент), ата-аналар (1715 респондент) қатысты.

Сауалнама қорытындысы келесідей: — бес жасар балаларды мектепке дейінгі даярлау мектепке дейінгі ұйымдарға беру; бірінші сыныпқа қабылдау 6 жастан бастап жүзеге асырылуы тиіс.

— Ғалымдардың пікірінше,  баланың білім алуға деген ықыласы, құштарлығы мен дамыған қиялы, когнитивті және психикалық даму ерекшеліктері оларды баланың мотивациялық-қажеттіліктік саласы белсенді дамып келе жатқан кезі, алты жасынан бастап оқытудың артықшылығы мен негіздемесі болып табылады және ол кезде балаға барлығы қызықты. Алты жастағы балаларда зейіннің тұрақтылығы, сөздік нұсқауды қабылдау, қимылдарды үйлестіру қалыптасады, — деп түсіндірді Шәмшідинова.

Сондай-ақ, ол 6 жасқа қарай баланың сөздік қоры 4000-ға жуық сөзді құрайтынын атап өтті. Балаға қарапайым мақал — мәтелдердің мағынасы қолжетімді, ол суреттердің сюжеттік байланысын оңай көреді және олар бойынша әңгіме құрастырады, заттарды қиындықсыз жинақтайды және ажыратады, қарапайым арифметикалық міндеттерді шешеді, уақыт пен кеңістікте бағдарланады (кеше, бүгін, ертең).

— Балаларды мектепалды даярлау отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда немесе жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды даярлық сыныптарында жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдарға барған алты жасар балалар бастауыш білім берудің Типтік оқу бағдарламалары бойынша білім алуға дайын», — деді министр.

Материал zakon.kz сайтынан аударылды.

Сурет: mesto-sily.club  сайтынан.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *