Білім және ғылым министрі Президенттен эстафетаны қабыл алды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хакім Абайдың өлеңдерін оқу бойынша жүріп жатқан эстафетаны қолдады,-деп хабарлайды Studentmedia.kz. 

Күні кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақтан Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабыл алып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқыды. Ал, өзінен кейінгі кезекті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған. Эстафетаны бірден қолдап, шапшаңдық танытқан Асхат Аймағамбетов болса, өзінен кейінгі кезекті білім саласының қызметкерлеріне, ұстаздарға, жоғары оқу орындарының ректорларына, сондай-ақ, мектеп оқушылары мен студенттерге табыстады.   

Ұлы Абайдың жас ұрпақтың білім алып, ғылымды игеруіне айрақша көңіл бөлгендігін өлеңдерінен байқаған жас министр ақынының «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңін толықтай оқып шықты. Бейнежазба Министрдің Фейсбук желісіндегі парақшасында жариялаған. Жазбаның астында жазылған пікірлерге көз салсақ, жұртшылықтың пікірі жақсы, көзқарасы оң. «Өлең керемет таңдалған», «Тамаша, оперативно орындау», «Керемет» деген сөздермен жас министрді қолдап жатқандығын байқадық. 

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *