Білім және ғылым вице-министрі дарынды балалармен кездеседі

6 желтоқсан күні Білім және ғылым вице-министрі Э.Суханбердиева дарынды балалармен кездеседі, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

Ертең БҒМ вице-министрі республикалық және халықаралық пән олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарыен кездеседі. Жиынға жалпы саны 42 оқушы шақырылды. Шара барысында «Нұр Әлем» Ұлттық павильонында экскурсия ұйымдастырылады.
Мақтана айтарлық жайт, тәуелсіздік жылдары республикамыздың дарынды балалары әлемдік аренада Қазақстанның беделін жоғары деңгейге көтерді. Математика, физика, химия, биология, информатика, география пәндері бойынша халықаралық олимпиадаларда қазақстандық оқушылар үздік көрсеткіштерге қол жеткізген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазақстандық дарынды балалар жалпы 11292 медаль жеңіп алған, оның ішінде 2335 алтын, 3476 күміс, 5146 қола және 335 мақтау грамоталары. Жаратылыстану-математика пәндері бойынша өткен халықаралық беделді олимпиадаларға қатысып, Қазақстан құрама командасы әлемде 10 орынды иеленді.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *