BilimLand платформасы енді тегін әрі қолжетімді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Bilim Media Group» компаниясымен бірлесе BilimLand платформасының цифрлық білім беру ресурстарын тегін әрі қолжетімді етті, деп хабарлайды Studentmedia.kz.

BilimLand – электрондық оқыту бойынша әлем көшбасшыларының алдыңғы қатарлы жетістіктері негізінде жасалған цифрлық білім беру платформасы. Сондай-ақ, заманауи білім беру контентінің ірі сандық кітапханасы. Жиынтықта қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде барлық пәндерді қамтыған 30 мыңға жуық электрондық сабақ, тренажер, интерактивтік жаттығулар, оқытуға арналған видео, анимациялық фильмдермен қамтылған.

«Бүгінгі таңда BilimLand электрондық білім беру порталына еліміздің барлық мектептерімен қатар, мұғалімдердің 230 мыңға жуық аккаунттары қосылған. Мұғалімдер сыныптағы оқу үрдісін ұйымдастыру үшін цифрлық контентті белсенді пайдаланады. Ендігі кезекте мектептердің платформаға жазылуы аясында барлық оқушылар мектептен тыс және өздеріне ыңғайлы уақытта цифрлық контентке деген қолжетімділікті қамтамасыз ететін пайдаланушы аккаунттарын алады», — деп баяндайды БҒМ баспасөз қызметі.  

Қызықты электрондық сабақтар балаларға мектепке дайындалуға көмектеседі. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылықтарын оятады. Жоғары сынып оқушылары үшін математика, физика, химия, биология және басқа мектеп пәндері бойынша ең қиын тақырыптарды қарапайым және қолжетімді тәсілмен түсіндіретін таптырмас көмекші құрал болып табылады. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *