Boeing-737 ұшағының иллюминаторы жолаушыны ажал құштырды

17 сәуір күні Нью-Йорк — тан Далласқа ұшқан, Southwest Airlines авиакомпаниясының Boeing 737-100 тікұшағының құлау себептері анықталды.

Бордта 143 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 20 минуттан соң, сол жақ қозғалтқышы 10 мың метрде жарылған. Бір жолаушы Facebook-те тікелей көрсетілім түсіріп отырып, қозғалтқыштың қалдықтары иллюминаторды жарып жіберді деген.

Нәтижесінде, бір жолаушы қаза тапқан және бірнешеуі ауыр жарақат алған. Ұшақ Филадельфия әуежайына жедел қонған.

Америкалық БАҚ өкілдері, қаза тапқан жолаушы 43 жасар, Дженнифер Риордан екі баланың анасы, іс-сапардан қайтып келе жатқан деп xабарлайды.

Ол иллюминатордың қасында отырған. Қозғалтқыш сынықтары оның беліне кіріп, терезенің ортасында қалып қойған. Үсті қаннан көрінбейтін әйелді, әзер алып шыққан. Бірнеше жолаушы мен медбикелер 20 минуттай жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыру арқылы құтқаруға тырысқан. Дженнифер ұшақ қонған жердің ауруxанасында көз жұмған.

Ұшақтағылардың айтуынша пилоттар оларды сабырға шақырып, тыныштандыруға тырысқан. Сондай-ақ, апаттан қашып шығуға пилот әйел Тамми Джо Шульц-тің көмегі тиген. Жолаушылар құтқарғаны үшін алғыстарын білдіруде. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *