ҰБТ — 2019. Қатысуға 35 мың оқушы тілек білдірген

Қаңтар айының  18 қаңтарында елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Үш күнге жоспарланған сынаққа қатысуға барлығы 35838 мектеп бітіруші өтініш білдірген. Оқушылар тесті Қазақстан бойынша 74 оқу орнында тапсырады. Биылғы жаңашылдыққа орай, тестіленуші маусым, шілде, тамыз айларындағы сынақты өзі қалаған қалада тапсыра алады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҰБТ-ның алғашқы күнінде 9037 оқушы 11 жылдық білімін сынайды. Оның ішінде 6271-і қазақ тілді оқушылар болса, 2316-сы — орыс тілділер. Ал, екінші күні 24204 оқушы тапсырады. Емтиханның үшінші күніне 2597 тестіленушіден өтініш түсті. 35 мың қатысушының ішінде 11 жылдық білімін ағылшын тілінде сынауға 61 мектеп бітіруші ниет білдірген. Естеріңізге сала кетейік, алдын ала ҰБТ тапсырушылардың емтихан нәтижелері ақылы негізде оқуға жарамды. Ал, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым  айында тапсыруы қажет.

Астана қаласы бойынша қаңтар айының 18-19 аралығында ҰБТ өткізілетін орындар:

  1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  2. С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
  3. Қазақстан экономикасы, қаржы және халықаралық сауда университеті

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *