ҰБТ-ға қатысушылардың 75,3 %-ы қазақ тілін таңдаған

Биыл маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға 117 242 адам өтініш берді,- деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҚР Үкіметінде өткен отырыста баяндады. 

Министрдің айтуынша, биыл ҰБТ форматында өзгеріс жоқ. Тапсыратын пәндер, сұрақтар, ұпай саны, уақытының бұрынғы форматы сақталды. 
Биыл ҰБТ 20-30 маусым аралығында барлығы 169 тапсыру пунктінде өтеді.
ҰБТ-ға қатысу үшін 117 242 адам өтініш білдірсе, соның ішінде:
— 96 мыңнан астамы осы жылғы мектеп түлектері немесе жалпы мектеп бітірушілердің — 72 пайызы;
— 20 мыңнан астамы биылғы және өткен жылдары колледж бен шетелдік білім беру ұйымдарының бітірушілері.

2019 жылы 117 242 өтініш түскен, оның ішінде 88 277 немесе 75,3 %-ы қазақ тілінде, 28784 немесе 24,6%-ы – орыс тілінде, 181 немесе 0,1%-ы ағылшын тілінде қабылданды.
Ал, 2018 жылы 102 447 адам өтініш білдірген, оның ішінде 77 224 немесе 75%-ы, 25 177 немесе 25% -ы орыс тілінде, 46-сы – ағылшын тілінде қабылданды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *