Құбыжыққа айналған актерлер

Уақыт көз ілестірмейді. Кішкентайымыздан біз сүйіп көрген фильмдердегі немесе жарнамаға түскен жас актерлер уақыт өте келе мүлде басқа адамдарға айналды.  Үлкен танымалдылықты  көтере алмай, көп қаражатты  қайда жұмсарын білмегендер жаман жолға түсіп,  адам танымастай өзгерді.  Кейбірі, жас келбетінен  айырылып қалудан қорқып, пластикалық ота жасатуға көшті. Алайда, шектен тыс құнығып кеткендер де баршылық. 

5. Микки Рурк. Бұл актер көпшілікке ″ Темір адам″ фильмі арқылы  танымал. Кейінгі жылдары жағымсыз кейіпкерді сомдап жүрген  Микки тоқсаныншы жылдарда талай қыз-келіншектердің арманындағы азамат болатын. Алайда, ол бірнеше жыл киноны тастап, өзінің сүйікті спорты боксқа қайта оралды.  Ақырында ол 14 рет миға қатты соққы алып, 5 рет мұрнын бұзды, 6 рет қолын сындырған. Осылайша актер боксты тастап кино әлеміне қайтып келді. Бірақ бұрынғы тартымды келбет жоқ.

кино

4. Линдси Лохан. Комедия жанрындағы фильмдермен танымал болған Голливудтық атақты актриса болашағынан көп үміт күттірген еді. Алайда, ішімдік пен нашақорлыққа тәуелді болған Лоханның қазіргі келбеті мүлде өзгерген. Сонымен қатар, актрисаның мағынасыз пластикалар жасатуы  да кері әсерін бергені анық.  Талантты актрисаның кино әлемінен шеттетілгені өкінішті. 

кино

3.Донателло Версачи. Әлемдегі ең атақты брендтің иесі ″Версачи″ брендін ашып, көп табыс түскенінің арқасында пластикалық оталарға жүгінуді әдет қылды. Алған бетінен қайтпайтын қайсар әйел өз мақсатына жетсе де, өз келбетіне сенімсіз болды. Табиғатқа қарсы шыққан Версачидің қазіргі түрі адам шошырлықтай.

кино

2. Аманда Байнс. Өз заманының ең талантты аруларының бірі, Голивудтың тағы бір жарық жұлдызы келешегінен зор үміт күттірген еді. Алайда, бұл жағдайда да нашақорлық пен ішімдікке тәуелділік еш жақсылыққа әкелген жоқ. 

кино

1. Макали Калкин. Барлығымыз жыл сайын жаңа жыл қарсаныңда ″Один дома″ фильмін тамашалаймыз. Балалық шағымыздың көңілді комедиясындағы тапқыр әрі ақылды балақай  танымалдылықты көтере алмады. Ол нашақорлық жолға түсіп, болашағына балта шапты. Дегенмен, қазіргі таңда ол өзін қалыпқа келтіріп, кино әлеміне қайта оралмақ ниетте. 

кино

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *