15 сәуір Ұлы махаббат күні

     15 сәуір “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” күні деп, яғни, бір-біріне ғашық адамдардың махаббат пен сүйіспеншілігіне арналған мереке ретінде тойланып жүр. Бұл күн ресми 2011 жылда белгіленген. Басылымдарда айтылуынша, «15 сәуір — Махаббат мейрамы» жобасының авторы Серік Абас-шах.…

Қандай адамдардың ғашық болуы қиын?

Адам жанына бар жағдай жасалғанымен, жүрегі бос болса, өзін кеудесі қаңырап тұрғандай сезінеді. Талайды күйдіріп-жандырған махаббат ауылына ақылдылар абайлап аяқ басады. Көлденең кездескен көк аттының жетегіне ере бермегендіктен, суық та қараңғы жалғыздық көшесін ұзақ аралайды. Иә, солай! Олардың бірі өзі…

Аша Матай: «Жартылай жалаңаш жүруге ұялмаймын»

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай ашық-шашық жүргенге ұялмайтынын айтты деп мәлімдейді «Если честно» бағдарламасы. Өнер жолын әншіліктен бастаған Аша Матай бүгінде ашық-шашық киім киюді доғарған. «Снова ты» бейнебаянын түсірген уақытта әнші 16 жаста болған. «Ата-анам менің дамуым үшін күшін…

Астананы қимай жүр-ау, қыс әлі

Авторы: Айжан Табаракқызы Астананы қимай жүр-ау, қыс әлі, Көктемді ойлап қайыңдар тұр құсалы. Көбелек-қар бір билеп-ап желменен, Жерді үнсіз құшады.   Көктем біздің салады екен еске не? Кінәлаймыз келеді деп кеш неге, Бір білерім көктем ерте келгенмен, Өзгермейді ештеңе.  …

Сүйгендерің болса, адасып қалмаңдар 

Авторы: Күләш Ахметова Жеңістер мен жеңілістен тұратын,  Тірлік-күрес. Жеткізе ме мұратың.  Сол тірлікте керек екен бір адам  Жүрегіңді жақынырақ ұғатын.  Кездеріңде қиял аттан құлаған,  Кездеріңде қиянаттан жылаған  Жұрт аяйды. Бірақ сенің жаныңда,  Қалмайды ешкім. Қалатыны бір адам.  Сол адамның жақын…

Жауапсыз махаббаттан арылудың жолы

Жауапсыз махаббат жүрекке сыза түсіріп қана қоймай, өзіңізді сыйлаудан қалдырады.  Өзіңізге деген сенімдігіңізден айырып, деепрессияға апарады. Одан сізге зияннан басқа дым пайда жоқ. Сондықтан да, біз сізге  жауапсыз махаббаттың шырмауынан шығуға көмектесеміз. Өміріңізді қайтадан күлкіге толтырып, жайма шуақ күндерді қайта…

Ер азаматыңыздың сізді жақсы көргенін қалайсыз ба?

Шынайы махаббаттың басты белгісі — құлай сүйген адамына ешқашан да жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез жай сезімдерден айырмашылығы да сонда. Алтын қазақ қағидасы да: «Сенен артық жан жоқ деп, ғашық болдым, мен не болсам, болайын, сен аман бол» деп…

Арулар — өмір гүлі, жан қалауы

Авторы: Мирас АСАН *** Арулар — өмір гүлі, жан қалауы, Ақ тамақ атқан шұға таң рауаны. Теңіздің көшірмесі тұнық көздер, Жүректің өшпес шырақ, мәңгі алауы! Ақ білек, кербез иық, керімсал бел, Құбақан қамзол зерін бегім сәндер! Тозбайды сізге тілек ей…

«Мәңгілік махаббат жыры»

Махаббат деген адамзат сезімінің алтын құсы сияқты. Махаббат бірін-бірі білмейтін алыс жақта дүниеге келген екі жастың жүрегін ұя еткен алтын құстың (немесе аққу құстың) ақ үрпек балапанына ұқсайды. Өз ұяларының төрінде талпынып өскен екі алтын балапан есейгеннен кейін, жүректері дірілдеп…