Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы екінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Әлиев олимпиада чемпионының келесі жекпе-жегінің өтетін уақытын атады.

Оның айтуынша, келесі жекпе-жек 6 маусымда Лондон қаласында өтеді.

«Қарсыластарды таңдау кезінде — біз мықтыларды таңдадық, бірақ Даниярдың олардан асатынын білдік. Келесі қарсылас та осал болмайды деп ойлаймын. Мықтырақ. Тәжірибесі молырақ. Бірақ, Данияр одан да асып түседі деген ойдамын. Ертең Флоридада боламыз, дайындық басталады. Дайындыққа үш аптамыз бар — соңғы аптасында Лондонда боламыз. Жерсіну қажет. Сағаттық белдеу де басқа. Барлығы жақсы болады, деп ойлаймын», — деді Әлиев.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірген болатын. «Елеусінов – Ноа» кездесуі алты раундқа есептелсе де, үшінші раундында аяқталды. 27 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсіріп, соққысын үдете түскен. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берген. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *