Денис Тен өмірден озды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Алматыда жасалған шабуылдан қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені туралы ақпарат тараған. Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында орын алған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Мәліметтерге сәйкес, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.  Бұл хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Денис Тен — ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Алматылықтар спортшыға шабуыл жасалған жерге гүл шоқтарын қоюда…

 

Небары 25 жасында аққан жұлдыз сықылды жарқ етіп, жоқ болған спортшының қайғылы өлімі күллі жұртшылықтың ашуын келтірді. Желі қолданушылары аталмыш қылмыстық оқиғаға байланысты ойымен бөлісіп, барынша қатаң жаза қолдану қажеттігін айтуда.

Жаның пейіште шалқысын, чемпион…

 

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *