«Депрессия»

Ештеңе қызық емес…

Ешқандай ой кешпеймін,

Ешқайсысы түсінбейді, ешкіммен сөйлеспеймін!

Ешкімді сағынбаймын, сағынып керегі не?!

Еш кеткен сағынышым, жеткізбей дегеніме…

Ешқашан жазылмайтын жанымның жарасын-ай,

Еш нәрсе өзгермейді, бәрібір, тағы осылай…

Ешбір жан тең келмейтін, тәуелсіз Тәңірім-ай,

Еш уақта ойламаппын, болар деп бәрі бұлай…

Еш жерден табылмайтын

Бақытты аңсадым ба?!

Ешқайда апармайтын жол жүріп шаршадым ба?!

Білмеймін…

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *