Диетасыз, спортзалсыз арықтаудың қарапайым 7 кеңесі

Тіпті еріншектердің өзі сымбатты бола алады.
Мінсіз дене үшін көбісі фитнес-залдарға барып, түрлі диеталық тағамдар, артынан прибиотиктер ішіп жатады. Даусыз, бұл – салмақ тастаудың табиғи әрі өте тиімді жолы.
Ал, егер жаттығулар мен диеталық тамақтануға уақытыңыз бен әл-қуатыңыз жетпей, жүйкеңіз шыдамайды десеңіз төменде жазылған лайфхактарға жүгінсеңіз болады. Әрине, бір дегеннен мінсіз денеңіз қалпына келеді деп айта алмаймын. Алайда, ішті кетіруге әжептәуір көмек.
1. Түзу жүріп-тұрыңыз
Кез келген уақытта есіңізге түсе қалысымен арқаңызды тік ұстап, ішіңізді тартыңыз. Олай жасай алмасаңыз я жасағыңыз келмесе арқа түзегіш (корректор осанки) сатып алыңыз (кез келген дәріханада сатылады).
Біз көбіне тік жүрудің маңыздылыңын біле бермейміз. Ол бойдың өсуіне, кеудеге форма беріп, іштің әлдеқайда арық болуына септігін тигізеді.
2. Суды көп ішіңіз
Иә, күніне 8 стақан су ішу керек деген мәлімет бәрімізді жалықтырды. Алайда, факт ол факт: су жетіспеген жағдайда ағзаңыз өзіне бірте-бірте май жинай бастайды, әсіресе, ішке.
3. Әжетханаға жиі барыңыз
Бұл – мінсіз іштің бірден-бір кепілі. Ағза өте төзімді келеді. Егер оны әжетханаға бармай шыдауға үйретіп қойсаңыз, онда баруыңыз сирейді. Ал ол іш шығуына себеп болады.
Әжетханаға барынша күніне 5-7 рет баруға дағдыланыңыз.
4. Тамақты мұқият шайнаңыз
Тамақты қаншалық мұқият шайнасаңыз, асқазанда, яғни қарында соншалық аз орын алады. Сонымен қатар, ұзақ шайнағаннан кейін миыңыз тез арада «тойдым» деген дабыл береді. Ал, бұл артық калорийден құтқарады.
5. Мұрынмен демалыңыз
Алғашқыда бұл кеңес тұрпайы көрінуі мүмкін. Мәселе мынада, сіз ауызбен демалған жағдайда, ішіңізге ауа көбірек жиналады. Тамақтан кейін бірден сағыздың көмегіне жүгіну – ақымақтық. Дұрысы, кәмпит немесе түрлі спрейді қолданыңыз.
6. Гормондарыңызды қадағалаңыз
Әйел адамдардың гормондарының жағдайы дұрыс болмаса, артық салмаққа әкеліп соғады. Сондықтан, дәрігерге қаралудан ерінбеңіз.
7. Жатып жаттығу жасаңыз
Арқамен жатып, аяғыңызды жоғары қойыңыз және беліңіздің астына орамал бүктеп салыңыз. Ішке баса назар аударыңыз: мұндай жағдайда ол үріледі. Бұл жаттығуға бар болғаны күніне 20 минутыңызды жұмсайсыз. Нәтижесі де жақсы.

Айзада АСЫЛХАНОВА

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *