Димаш «адал сүт емген» қызды қалыңдыққа алмақ

«Хит-тв» арнасына сұқбат берген Димаштың ата-анасы «адал сүт емген» қыз іздейді.

Сан қыздың жүрегіне шоқ салған Димаш Құдайбергенұлы бойдақтар  тізімінде ғана емес танымал әншілер қатарында да көш бастайды. Осындай көпшіліктің көзі түскен өнерпаздың болашақ жары инабатты, өнегелі болуы шарт.  «Қазақта керемет сөз бар: «адал сүт емген» деген. Сондай текті бала болса деп ойлаймын. Біздің көңілімізге ұнайтын, көргенді, тәрбиелі адам болса деп армандаймыз, әрине», —  дейді Света Айтбаева. Әкесі болса таңдауды өз ұлының жүрегіне тапсырған.  Бұл сөздерді Димаштың болашақ қалыңдығы ескере жатар.  Қалай десе де, ата-ана тек ұлының бақытты болғанын қалайды. Ал үміткер қылықтылар ақ адал ниетінен айырылмай, тектілігін сақтағаны жөн.  

Айтолқын Амангелдіқызы

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *