Допинг талабын бұзған елдердің Олимпиада жолдамаларының саны кемиді

Допингке қатысты талаптарды орындамаған  елдердің олимпиадалық жолдамалары кемиді. ХОК президенті Томас Бах бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді. Айта кетейік, осының алдында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жаңа ереже енгізіп, соған сәйкес Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения және Беларусь елдерінен 2 спортшы ғана жазғы ойындарға қатысатынын жариялаған. Яғни Токиодағы Олимпиадаға аталған елдерден 1 ер және 1 әйел спортшы бара алады. Бірақ бұл шешім әлі нақтыланған жоқү  Себебі допинг қолданған жағдайлар жиілеп кетті. Яғни жоғарыдағы мемлекеттің құрамалары 2008 жылдан бері допингке қатысты талапты кемінде 20 мәрте бұзған. Осы уақыт ішінде біздің 36 ауыр атлеттің қанынан тыйым салынған препараттар табылып, әртүрлі уақытқа үлкен спорттан шеттетілген еді.    

Томас Бах, ХОК президенті: — ХОК атқарушы комитеті бұл бастаманы қолдайды. Өйткені осыдан кейін спортшылар  әрбір қадамы үшін өз-өзіне есеп беріп отырады. Басқа жағынан әртүрлі халықаралық және ұлттық федерациялардың жауапкершілігін арттырады.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *