Джинсыға жыртық не үшін керек?

сән

Джинси жыртығын көбіміз сән үшін деп білеміз. Ал кейбіріміз бұл жыртықты мүлде ұнатпаймыз…Әлемдік сән үлгісінде өзіндік орны бар, киім әлемінің ажырамас бөлігіне айналған джинсы жайында не білесіз? Бұны ең алғаш өндіріске кім алып келгенін және оның қандай матадан жасалғанын білесіз бе? Осы сияқты қызықты сұрақтар сізді мазаласа, жинақы жауабын біз береміз.

1. Алғашқы джинс матасынан тігілген киімдер туралы XVI ғасырда Англия кітаптарында жазылған. Алғашында шалбар тігу үшін қажетті матаны Генуядан әкелген. Кейін бүкіл Еуропаға экспорттаған екен. 

2. Джинс өте ерекше матадан дайындалады.  Жіптерінің тігісі де өзгеше. Сыртынан қарағанда жібі бояулы болса, ішінен ол бояуды көре алмайсыз. Матаның бұл қасиеті киімді ескілеу қылып көрсетеді.

сән

3. Джинс өнімдерін алғаш сән әлеміне әкелген Ливай Строссу. Ол Америкаға көшкен соң атын Леви Страусс деп өзгерткен. Қазір әлемге әйгілі боп отырған «Levi Strauss & Co.» жылына 7 млрд. АҚШ долларына тең джинс киімдерін сатады.

4. Индиго түсі (қара көк бояу), деним матасының бояуы ертеректе күлден жасалған.

сән

5. 40-ыншы жылдарға таман джинстың дизайны өзгерді: белден төмен орналасқан мыстан жасалған тойтарма шегесі алынып тасталды. Өйткені, далада алау жағып отырған кезде мыс ысып, денені қыздыратын болған.

6. Бұны киім Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ әскерлері киген. Джинсты тек әскерилер ғана киген деген деректер де бар.

сән

7. Джинсты 1950-60 жылдары «бит» стилінің өкілі Оззи Осборн әкелген. Оззи оның жастар арасында кеңінен таралуына үлкен үлес қосты.

8. «Хиппи» мәдениетін ұстанушылар джинс киімдерін кие бастады. Джинс жапсырмалар, кестелер, моншақтармен әшекейленді.

9. 60-ыншы жылдардың соңына қарай атақты дизайнер Луи Ферро түрлі-түсті тастармен безендірілген джинстардың сән көрсетілімін жасады. Бұл көрсетілімнен кейін джинс сәннің негізгі элементіне айнала бастады.

10. Кеңес Одағының жастары джинспен 1958 жылы Жастар мен Студенттердің халықаралық фестивалінде танысты. Шетелдік жаңа сән үлгісін жастар жақсы қабылдады.

11. Деним матасын өңдеу үшін өндіріушілер 2 млн АҚШ долларын тек қана кеуектас (кеуектас – өңдеуге жүн байпақтарды тазалауға қолданылатын жеңіл тас) алуға жұмсайды екен. Ал оны, Мексика, Грекия және Түркия сияқты елдерден тасымалдайды.

12. Өндіріске шығарылған күннен бастап бүгінге дейін бүкіл әлем бойынша 2.500.000.000-тан астам джинс өндіріліпті.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *