Ең бай арулар

Қазақстанды ғана емес, шетелге танымал болып үлгерген жерлес аруларымыз кәсіптің басын шыр айналдырып жүр. Бүгінгі топтамада қазақстандық ең жас әрі ең бай қыздардың тізімін шығардық.

 Зарина Дияс

Теннисші, 23 жас

 Зарина Дияс агрессивті стильді ұнатады, үнемі шабуылдап, өз қарсыласына қарсы жойқын соққылар береді. Қыркүйек айының басында «L’Officiel» журналының мұқабасына шығып, өзі туралы мақалада оқырман Заринаны басқа қырынан таныды. Мейірімді және өте қарапайым Зарина18 жасында иығына ота жасатып, ұзақ уақыт бойы ем қабылдады. Тез аяққа тұрған ол тенниске қайта оралып, әлемдік рейтингтің 30-шы қатарына көтерілді. 2007 жылы спортшы алғаш рет кәсіби бағытта Братиславада өткен «ITF» турниріне қатысты. «ITF» екінші турнирін Штутгартта қарсыласы Каталина Марошиге дес бермей, жеңіске ие болды.  Осы жылдың үздік нәтижесі Заринаға Прагада өткен «WTA» турнирінде бұйырды, ол төртінші финалға шықты. 2009 жылдың қыркүйегінде «Grand Slam» турнирінің қатысушысы болды. 2010 жылы Римдегі турнирдің финалына шықты. 2011 жылы — Куньминдегі финал және Вэншань (Қытай) жартылай финалға көтерілді. 2013 жылдың маусым айында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Бухара қаласында өзінің үшінші титулын жеңіп алды.

Алия Дженеид

«Orchard Residences» кәсібін дамыту директоры, 23 жас

 23 жасар Алия Дженада «Orchard Residences» компаниясында бизнесті дамыту бойынша директор. Оның сәтті кәсібі турасында «L’Officiel» журналында жиі жарияланады.

 Айсауле Бахытбек 

Блогер (859 мың. оқырман), 21 жас

Айсауле анасы Баян Мақсатқызының  ізімен биікке көтеріліп келеді. Оның жазбалары миллиондаған аудиторияны, соның ішінде жергілікті БАҚ өкілдерін де жаулап алады. Айсауле бес жасынан бастап телебағдарлама жүргізушісі болып келеді. Оның қатысуымен ең қызықты жобалардың бірі — әлемге әйгілі американдық латын жобасы «Kvenesera» аналогы болып табылатын музыкалық отбасылық реалити-шоу, әлемдік деңгейдегі франшиза «Mammamia» бағдарламасы. Ол «Тракторшының махаббаты» сериалына түсіп, қазір HOLA бағдарламасының жүргізушісі ретінде қызмет атқаруда.  

 

Меруерт Ибрагим 

«buro247.kz» шығарушы редакторы, 29 жас

 Меруерт Ибрагим Лондон Университетінде «Халықаралық бизнес» мамандығы бойынша білім алған. Ол әлемдік сән бизнесінде үлкен жетістікке жетті. Досы Мирослав Дюмадан «buro247.kz» франшизасын сатып алып, Қазақстанда осы саладағы басты ресурсқа айналған сән порталын ашты. Кейбір дереккөздерге қарағанда, Меруерт сайтты іске қосу құрметіне арналған мерекелік кешке екі миллионға жуық АҚШ долларын жұмсаған.  «Qazaq» банктің акционері Бахыт Ибрахимге тұрмысқа шыққан 29 жастағы бизнеследи бүгінде екі баланы өмірге  әкелген.

Аружан Жазильбекова

Әртіс, 31 жас

 Белгілі актриса Аружан Жазилбекова көптеген басқа талантты адамдар сияқты кинотеатрға кездейсоқ келді. 2004 жылы әлемнің 50 елінің өкілдері қатысқан «Ford Models Supermodel of the World» байқауында үздік ондыққа кірді. Аружан әлемдегі ең танымал дизайнерлермен жұмыс істеп,  Еуропаның ең беделді сән байқауларына қатысқан. Ал 2010 жылы киноиндустрия әртісті толығымен баурап алды.

 Аяла Қонақбаева

Кәсіпқой бокс мектебінің негізін қалаушы, 26 жас

Аяла бар болғаны 24 жасында өзінің бірінші бокс клубын ашты, бір жыл өткен соң, екіншісін ашуға бел буды. Өз ойын іске асыруына оның әкесі Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионы Серік Қонақбаев әсер еткен. Мамандығы қаржыгер Аяла кәсіпқой спортшы болмаса да, ерлерге тән кәсіптің іргесін берік қалады. Іскер қыз өзінің артық салмағымен күресемін деп, осындай кәсіпқой мектептің негізін қалаушысына айналғанын жасырмайды. Жігері жасымаған, рухы мақты Аяла төрт ай ішінде 20 келі арықтапты.

Дереккөз: el.kz,brod.kz,pandaland.kz, hommes.kz, meloman.kz

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *