Ей, Қазақ!

Авторы: ЖАНДОС Бақытұлы

Ей, қазақ сен ұлы елсің,

Бағындырған белесің.

Сақ пенен ғұннан басталған,

Тарихы терең көнесің.

Оғыз, Қыпшақ, Найманмен,

Талай жауыңды жеңгенсің.

Маңғолдар елге шапқанда,

Жоғалтпаған ғой ел есін.

Қаншама тарих өткен соң,

Тарихың елге жеткен соң

Керей, Жәнібек елімде,

Қозыбасы жерінде,

Шірене тартқан жебесін.

Ойраттар ойран салғанда,

Үш жүздің басы бірікпей,

Отар ел болып кіргенсің.

Үш жыл емес ағайын,

Үш ғасыр соңда жүргенсің.

Ашаршылық кезінде,

Жемегеніңді жегесің.

Тобықтай түйіп айтқанда,

Көрмегеніңді көргенсің.

Ей, қазағым мына сен,

Әлемге әйгі түркінің,

Төрінде отқан төресің.

Ей, қазағым мына сен,

Айсбергке талай соғылып,

Қирамаған кемесің.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *