Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді — деп хабарлайды, Studentmedia.kz порталы. 

Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, оларды қай салада болса да қолдап, түрлі жұмыстар атқару керектігін айтты. 

«Келесі жылды жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек — Н.Ә.Назарбаев.

Мемлекет басшысы жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау — мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиістігін атап өтті.

«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», — деді Президент.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *