Балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі өтеді

Биыл балалар мен жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне еліміз бойынша 2,5 мың білім беру ұйымдарының 98 309 оқушысы, студенттері, педагогтары мен ата-аналары қатысады, — деп хабарлайды Studentmedia.kz порталы. 

1 маусым күні еліміздің барлық өңірлерінде шеру өтеді. Ол үшін арнайы жұмыс топтары құрылған. Сондай-ақ, мерекелік шара дайындығын үйлестіруші жауапты мамандар анықталды, шеру бағыттары әзірленіп, режиссерлер белгіленді. Бұл туралы ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған.

ҚР БҒМ Баспасөз қызметінің хабарламасында: «Биыл шеру тек облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларда ғана ұйымдастырылады. Шара еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Атырау және Ақтау) ауа температурасының жоғары болуына байланысты, 1 маусым күні сағат 9.00-де басталады, ал, қалған өңірлерде сағат 10.00-ден бастап өтеді», — делінген.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, шеруге 2,5 мың білім беру ұйымдарының 98 309 оқушысы, студенттері, педагогтары мен ата-аналары қатысады.

Парадқа қатысушылардың ең көп саны Қызылорда (8,5 мың адам), Ақтөбе (7 929 адам), Нұр-Сұлтан қаласы (7 мың 830 адам), Қарағанды (7,5 мың адам), Ақтау және Павлодар (7 мың адамнан) қалаларында байқалады.

         

Парадқа негізгі қатысушылар:

— 136 барабаншылар отряды,

— 91 үрмелі оркестр;

— 534 қазақ және орыс халық аспаптары ансамблі;

— 780 черлидерлер мен мажореткалар командасы, хор және би ұжымдары;

— басқа (кадеттер, спортшылар, педагогтар) — 266 команда.

Парадқа қатысушылардың қауіпсіздігі, сондай-ақ, оларды медициналық сүйемелдеу, сумен қамтамасыз етуді жергілікті атқару органдары өз жауапкершілігіне алады.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *