Еліміздегі ең жас, бай банк қызметкерлері

Аудиторлық есеп негізінде жасалған мәліметтер бойынша  бірнеше жас бай кәсіпкерлердің тізімі анықталған болатын. Сол тізімге Қазкомбанкте істейтін жас мамандар да қосылды. Бұл жігіттер білімдері мен біліктіліктерінің арқасында Қазкомбанктен үлкен көлемді сыйақылар алған, деп хабарлайды ratel.kz.

 Рашид Өтебайұлы ӘМІРОВ

Қазкомбанктің басқарушы директоры

 Рашид Өтебайұлы ӘМІРОВ Қазкомбанктің басқарушы директоры болып  2016 жылдың мамыр айында тағайындалған. 24 жасында Президент әкімшілігінде, 25 жасында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры корпоративті қаржы департаментінің басшысы,  26 жасында «Темірбанктің» директорлар кеңесінің мүшесі болған.

Қазақ экономикалық университеті (халықаралық экономист), Манчестер бизнес мектебі (қаржы саласының магистрі), «Болашақ» бағдарламасының да түлегі.  IMD Business School (Швейцария) бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген. Қазіргі күні Executive MBA бағдарламасы бойынша Швейцарияда оқып жатыр.

 

 Миржан Елдесұлы ҚАРАҚҰЛОВ

Қазкомбанктің басқарушы директоры

Миржан Елдесұлы ҚАРАҚҰЛОВ Қазкомға 33-жасында 2016 жылдың сәуір айында қызметке келген. «Ұлттық банк», «Қазақстан халық банкі», «Қазақстанның даму банкі» АҚ лауазымды қызметтер атқарған. 25 жасында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорында, 26 жасында «Қазақстанның даму банкі» қауіп-қатер менеджменті департаменті басшысының орнына жайғасты. Қарақұлов КИМЭП-тің түлегі. «Болашақ» стипендиясының иегері атанған ол Vanderbilt University (АҚШ) экономика саласындағы магистр дәрежесінде үздік бітірген.

 

Абай Мұқашұлы ЕСКЕНДІРОВ

Қазком басқарма төрағасының бірінші орынбасары

Абай Мұқашұлы ЕСКЕНДІРОВ 2016 жылы 33 жасында Қазком басқарма төрағасының бірінші орынбасары, 25- жасында «Самұрық-Қазына» қорының қаржы директоры, 26- жасында «БТА Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 27-жасында «Темірбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, 28-жасында экономикалық дамыту және сауда министрінің орынбасары болды. 2013-2015 жылдары Ұлттық банкте департамент директоры  қызметін атқарған. СК «Казкоммерц- life», «Казкоммерц- Полис» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі ( 24.11.2016). Абай Мұқашұлы Қазақ мемлекеттік заң университетін, Оксфорд Брукс университетінің магистратурасын да аяқтаған.

еліміздегі жас бай арулар туралы келесі мақаладан таныс болыңыздар.

Дереккөз: ratel.kz.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *