Еліміздің 51 271 мұғалімі біліктілік тестілеуінен өтті

Қарашаның 3-5 жұлдызы аралығында педагог мәртебесін жоғарылату мақсатында аттестаттаудың жаңа түрі жүргізілді. Тестілеуге «Педагог-эксперт», «педагог-зерттеуші», «педагог-модератор», «педагог-шебер» санаттарын алу мақсатында еліміздің барлық өңірлерінен 51 271 мұғалім қатысты. Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты өседі. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 51 мың мұғалімнің 34 мыңы тестілеуден сүрінбей өткен. 

«Орта білім беру ұйымдарының педагогтары Ұлттық біліктілік тестілеуін 36 ЖОО, 2 колледж және 27 мектепте ұйымдастырылған пунктілерде тапсырды. 34 185 педагог тестілеуді сәтті тапсырды, оның ішінде: «педагог-модератор» – 10346 (72%), «педагог-эксперт» — 12215 (65%), «педагог-зерттеуші» — 10957 (65%) және «педагог-шебер» — 667 (53%)» — деп жазылған БҒМ баспасөз хабарламасында. 

Өткен тестілеумен салыстырғанда қараша айындағы тестілеуде шекті деңгейден асырған педагогтардың саны арта түскендігін байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық біліктілік тестілеуіндегі «Оқу әдістемесі мен педагогика» модульдері бойынша әзірленген сұрақтардың 70 пайызы пәндік білімге және 30 пайызы педагогика мен әдістемеге бағытталған.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *