Енді лифт істемесе ПИК қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте елордадағы лифт шарушылығы жағдайы талқыланып, мәселеге қатысты қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев баяндама жасады.

Құлышевтың айтуынша, бүгінгі таңда аталған салада тәртіп орнату мен қатар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып лифт шаруашылығын пайдалану саласында, соның ішінде лифт компаниялары мен ПИК-тердің жауапкершілігін арттыруға қатысты нормативтік ережелерді реттеу қажет.

«ПИК тарапынан бақылаудың жоқтығы мен лифт компанияларының тиісті жұмыстарды атқармауы салдарынан лифтілердің апаттық тоқтау оқиғалары жиілеп кетті», — деді ол.

Оның келтірген мәліметтеріне сәйкес, 2017-2018 жылдары жұмыс істемейтін лифттер бойынша 547 өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта 9 үйде жұмыс істемейтін 12 лифт бар.

Астана қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес Тұрғын үй инспекциясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып қаладағы 117 нысанда 727 лифт қондырғыларын пайдаланып отырған 64 ПИК қызметі тексерілді. Мониторинг нәтижесінде 239 көтеру механизмінде кемшіліктер анықталып, 30 басқару органдарының басшыларына ұйғарым тапсырылды.

«Қызмет көрсетуші ұйымдар мен иелері тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік заңнамасы саласындағы талаптар толық орындалып отырған жоқ. Әкімшілік шаралар тиісті нәтиже бермеуде. Сондықтан олардың жауапкершілігін қылмыстық деңгейге дейін қатаңдатуды ұсыну қажет», — деп атап өтті әкім.

Өз кезегінде, қала әкімі қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып ПИК және лифт шаруашылығы компанияларын тексеру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

sn.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *