Енді студенттер мен оқушылар жазғы демалыстан тыс уақытта да жұмыс істей алады

Қазақстанда студенттер мен жоғары сынып оқушыларына жазғы демалыстан тыс уақытта да жұмыс істеп, қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы берілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жаңа заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Студенттер мен жоғары сынып оқушыларының жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да қоғамдық жұмыстарға қатысу мүмкіндігі кеңейтіледі. Бұған Еңбек кодексінде шектеу жоқ», — деді министр.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл министрге өз сауалын қойды:

— «Заң жобасы студенттер мен жоғары сынып оқушыларын оқудан бос уақытта қоғамдық жұмысқа қатысу құқығын көздейді. Осы норманы практикада іске асырудың тәртібі қандай? Студенттер мен оқушылар жұмыс берушіден және жұмыспен қамту орталықтарына қандай құжаттар тапсырады?» 

— «Қазіргі таңда студенттер тек жаз кезінде осындай қоғамдық жұмыстарға қатыса алады. Бұл заң жобасы аясында ағымдағы оқу жылындағы басқа да демалыстарда, бос уақытта қатысу көзделген. Оқу және жұмыс орнынан анықтама, мекен-жай анықтамасы, жеке куәлік деген секілді құжаттар қажет», — деді министр.

 

Baq.kz

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *