19 Дек, 2018

Ерке Есмахан «Махаббат» дәмханасы» фильмінің түсірілімін аяқтады

Ерке Есмахан «Махаббат» дәмханасы» фильмінің түсірілімін аяқтады

Отандық әнші Ерке Есмахан актрисалық пен кинопродюсерлікке бет бұрды: ол бірнеше күн «Махаббат» дәмханасы»фильмінің түсірілімін аяқтады. Әншінің дебюттік картинасына Әбунасыр СеріковДариға Бадықова және Шәріп Серік түсті.

«Бір ай бойы Шу қаласының маңында, кейін Алматыда өткен кинотүсірілім өте қызықты өтті. Командамыз мықты. Кәсіби жағы былай тұрсын, барлық әріптестерім жеке-жеке тамаша жандар! Әрқайсысына бауырымдай бауыр басып, жақын достасып алдым. Түсірілім бітті! Алда монтаж жұмыстары, сосын көрсетілім!»(Орфография және пунктуация сақталған. – Ред.алқ.),- деп хабарлады Instagram желісінде Ерке Есмахан.

«Махаббат» дәмханасы» ауылдық дәмхана иесінің қызы Мақпал жайлы әңгімелейді. Бір күні дәмханаға аспаз болып орналасуға бір жігіт келеді. Мақпал алғашқыда бейтаныс жігітке назар аудара қоймайды, бірақ кейінірек кейіпкерлердің бір-біріне деген сезімдері оянады.

Кинотаспаның қоюшы-режиссері ретінде бұған дейін «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» және «Ninety One» фильмдерін түсірген Асқар Ұзабаев жұмыс істеді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Advertisment ad adsense adlogger