Еуроодақ Қазақстан журналистері арасында байқау жариялады

Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі  «Қазмедиа» медиамектебімен бірге ҚР ақпарат және коммуникация Министрлігінің қолдауымен алғаш рет қазақстандық журналистер арасында байқау ұйымдастырып отыр. Жеңімпаздар Брюссельде кәсіби іс-тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ЕО ҚР-дағы өкілі Эльнара Байназарова ОКҚ-дегі брифингте айтып өтті-деп хабарлайды Kazpravda.kz тілшісі.  

«Еуроодақ — Қазақстан: серіктестік пен ынтымақтастыққа 25 жыл» атты байқау ЕО пен ҚР қарым-қатынасын нығайтып, Қазақстан медиа-қоғамындағы Еуроодақтың орны мен қызметін ашық түрде көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. 

«Біз қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі жұмыстарды қабылдаймыз. Ол қағазға терілген немесе видео, аудио материалдар болу мүмкін. Форматы мен көлеміне ешқандай шектеу жоқ. Байқау жас журналистерге арналғандықтан, қатысушылардың жасы 18-ден 35-ке дейін болмақ. Ол ең алдымен қазір жұмыс істеп тұрған БАҚ бүгінгі таңда қызмет істеп жүрген, кемінде төрт жылдық жұмыс тәжірибесі бар Қазақстанның азаматы болуы керек- дейді, Эльнара Байназарова, —Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, ұсынылатын жұмыстарға қойылатын басты талап ол ЕО пен ҚР -ның арасындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына қатысты объективті және дәл көзқарастың болуы, өзара серіктестіктің кейбір аспектілерін айқын көрсете алу қажет. 

Қатысушылар өтініші 30 сәуірге дейін «Қазмедиа» медиамектебінде қабылданады. Байқау қатысушыларының жұмыстары 18 мамырға дейін қаралады. Нәтижесінде, 3 жеңімпаз анықталып, олар Бельгияда бір апта бойына стажировкадан өтеді. Олар ЕО-тың институтын тамашалап, Еуропарламенттің, ЕО кеңесінің, Еурокомиссияның, Еуропа сыртқы қатынастар қызметінің  ішкі жұмысымен таныса алады.  Сонымен қоса, Еуропалық комиссияның күнделікті брифингтеріне қатысып, Брюсселдегі ЕО медиапулының журналистерімен кездесе алады.   

«Біз Қазақстанда және Орталық Азияда Еуропалық одақтың шығарып жатөан шешімдерінің себебін білуге деген құлшыныстың жоғары екенін, ақпаратқа сұраныстың бар екенін жақсы білеміз. Оның бәрін өзгеге айтып беру үшін журналистер ЕО-тың жұмысымен таныс болуы қажет. Стажировка кезінде олар тек ЕО-тың институтын сырттай бақыламайды, керісінше, біз оларға атқарылып жатқан істердің жүзеге асу барысын көрсетіп, журналистер ЕО туралы ақпарат алу үшін қандай механизм арқылы жұмыс жасайтынын іс жүзінде көрсетеміз-деп, атап айтты ЕО-тың пресса  мен ақпарат бойынша саясатының  ҚР-дағы басшысы Золтан Салаи.  

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *