Фейерверктен 4 сынып оқушысы көр боп қалды

Пайлодар қаласының тұрғыны Ольга Барчанинова баласының көзі көрмей қалғаны үшін фейерверкті кінәлайды.

2017 жылдың жаңа жылын тойлау қарсаңында оның көршісі отшашу шашқан. Бұл сәтте Ольганың жолдасы балаларымен далада ойнап жүрген. Көршісі атып жатқан фейерверктің шелегі алысқа ұшып кетіп, ішіндегі отшашулар жан-жаққа шашырап атқылай бастайды. Сол сәтте әткеншекте отырған баланың көзіне екі данасы тиеді. Сол сәттен кейін баланың көзі көрмей қалған. Осы уақытқа дейін Новосибирск және Астана қалаларында көзіне ота жасалған. Отадан соң 40% көре бастаған. Дегенмен, тұрақты ем қабылдамаса жанарына су толып, көрі қабілеті нашарлай береді екен. Енді Ольга көршінің үстінен арыз жазып, ол шығындарымызды өтеп беруі тиіс деп отыр. Ал көршісі оқиға орын алған сәтте 5 мың рублей беріп, басқа мүмкіндігі жоқтығын айтқан болатын.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *