Филиппиндік атақты боксшы мың адамға пәтер алып берді

Жағдайы төмен көпбалалы отбасынан шыққан Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған жүлделеріне өзі туып-өскен ауыл тұрғындарына үй салып берді. Кедей отбасынан шыққан спортшы бала күнінде бауырларымен күн көру үшін сәбіз, қызылша сияқты жемістердің тамырын жеп, бананмен тамақтанған. Осындай кедейліктің бейнетін көрген Мэнни отбасын асырау үшін 12 жасында жұмысқа орналасып, еңбектенген. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ол көше бойында тәттілер сатып, бос уақытында бокспен айналысқан. Оған сол уақытта немере ағасы қолдау көрсетіп, көмектескен. Оның айтуынша, Мэнни ешқашан жалқау болмаған. Ол табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында сегіз салмақ дәрежесінде әлем біріншілігін жеңген жалғыз боксшы атанды.

Мэнни Пакьяо жекпе-жектен алған алғашқы қомақты жүлдесіне өзі туып-өскен Танго елді-мекенінің кедей тұрғындарына бірнеше үй салып берді. Уақыт өте келе үйсіз-күйсіз жүрген мың отбасыға баспана тұрғызған.

Мэнни Филиппиндегі ең табысты және ең бай адамдардың қатарында. Кедей отбасынан шыққан атақты боксшы ешқашан жетістігімен мақтанған емес. Ол өз ісімен жастарға, тұтастай алғанда әлемдегі барлық адамға үлгі бола білді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *