Футзалдан әлем чемпионатында қазақстандықтар Чехияны ұтты

Футзалдан Алматыда өтіп жатқан студенттер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде қазақстандықтар Чехияны 4:3 есебімен ұтты. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқитын «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Дәурен Тұрсағұлов пен Қарағанды экономикалық университетінің студенті Агедиль Мадияров екі бірдей гол соқты.  Ал, шетелдік қарсыластардың арасынан Павел Дрозд пен Давид Черны ерекше ойынымен көзге түсті. 

 Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы бүгін Жаңа Зеландиямен бәсекеге түседі. Әйелдер құрамасының ойыны бүгін сағат 18:00-де басталып кетті. Ерлер құрамасы сағат 20:00-де шығады. Ертең біздің жігіттер Болгариямен, ал қыздар Португалиямен күш сынасады.

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *