Гена Альварестен жеңіліп, чемпиондық белбеуден айырылды

Лес-Вегастың Т-Mobile аренасында дәл қазір кәсіпқой бокс тойы өтті. Орта салмақта мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен отандасымыз Геннадий Головкин арасындағы әлем күткен жекпе-жек өз мәресіне жетті. Бұл жолы да екі қарсыластың бірін-бірі алуы қиынға түсті. 12 раунд бойы бір-бірінің соққыларына төтеп беріп, шыдамдық танытты. Екінші кездесу де 12 раундқа созылып,  төрешілердің шешімімен «Канело» жеңіске жетті. Головкин кәсіпқой бокс мансабындағы алғашқы жеңілісі еді.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен «Канело» арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан тура 1 жыл бұрын, дәл осы аренада 12 раундқа созылып, тең нәтижемен аяқталған болатын.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *