Головкин мен Елеусінов арасындағы кикілжіңге әріптестерінің пікірі

GGG Данияр Елеусіновті өзінің бокс кешіне қатыстырудан бас тартқан болатын.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров соңғы кездері елді елең еткізген Геннадий Головкин мен Данияр Елеусіновтың арасындағы дауға өз пікірін білдірді, деп хабарлады Prosports.kz.

«Геннадий Головкин кімді андеркардқа қояды, кімді қоймайды, өз еркінде деп ойлаймын. Бәрі өзіне байланысты. Бұл оқиға жайлы басқа айтарым жоқ», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіне берген сұқбатында. 

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов 8 маусым күні Головкин – Роллс жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетуі тиіс болатын. Алайда Головкин Елеусіновтің менеджерлерін кәсіби маман емес деп айыптап, бокс кешіне қатыстырудан бас тартты.    

Дереккөз: prosports.kz/kz сайтынан

 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *