Google: «Енді тек бір батырманы ғана басу жеткілікті…»

 

  Google компаниясы барлық хаттарға бірден жауап беретін қосымша ойлап тапты. Бұл жолы компания өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Whatsapp, Facebook, Twitter, Skype әлеуметтік желілерімен байланыстырмақшы болды. Ол үшін жаңадан кодтау элементтерін енгізу қажет. Жаңа батырманы Reply (ағылш. – «жауап») деп атап, оны Google Area 120  командасы арқылы тестілеуден өткізіп, Mountain View компаниясының эксперименттен өткізу шеберханасына жіберіледі.

Автоответчик Reply предлагает три возможных варианта ответа на сообщение / © Android Police

  Android Police сайтында Google қомандасында жұмыс жасайтындардың бірі: «Сіз телефоныңыздағы минут сайын келіп отыратын мыңдаған хаттарды оқып, оған жауап беруіңіз керек. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, енді сізге жауап қайтару үшін тек бір батырманы ғана басу жеткілікті. Егер де сізге бір қосымшадан  хат келген жағдайда, Reply қосымшасы оның қай жерде екенін автоматты түрде анықтап, үйге дейінгі қашықтықты есепке алып, экранда бірден жауап пайда болады. Оны бірден жіберуге де, түзетуге де болады», — деп өз ойымен бөлісті.

 Жүргізуші көлікте  немесе ұйықтап жатса да, смартфон «Не беспокоить» режимінде тұрып, виртуалды достарына ол туралы ескертіледі. Егер де «Тезірек бол, біз сені күтіп тұрмыз» деген сияқты хабарламалар келетін болса, автожауап қайтарғыш дыбыссыз режимнен шығады. Reply – дың тағы бір ерекшелігі – кездесулер мен демалыс күндерді ескертіп отыратын күнтізбе тексеру қызметі.

 Google толығымен бұл қосымша туралы хабарлаған жоқ, бірақ ол қазіргі таңда өңдеуден өтіп жатыр. Эксперттердің айтуы бойынша, Gmail қолданушылар арасында «ақылды жауап» ретінде танымал қызметтердің қатарында. 

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы интернет пайдаланушылар арасында нейрожелілер арқылы жұмыс жасайтын автоматты түрде жауап қайтарғыш танымал болған еді. Оның негізгі қызметі – Gmail желісін пайдаланушыларға электронды хаттарды бір ғана батырманы басу арқылы жіберу болып табылатын. Әсіресе, жұмыс басты адамдарға бұл таптырмайтын мүмкіндік еді.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *