Хәл-жайыңды білгім кеп

Авторы: Жадыра Байбұланова

Хәл-жайыңды білгім кеп,

Өзгерсе де өң-кейпім,

Жаттап алған, бір-бірлеп

Нөміріңді термейтін,

Мойымай-ақ жүрмін деп,

Мойындағым келмейтін,

 

Өліп-өшіп сүйіп те,

Жолдамайтын хат-ақпар,

Сезім қанша биікте-

Өзім сонша тәкәппар!

 

Қайран, қырсық мінезім,

Соңы-бітпес уайым,

Ойым-отыз, бір өзім

Қай жағына шығайын?

 

Құрбан да-бір-қарсылас,

Бір жүрекпен егесем.

Тек, шыдамай тамшы жас,

Үзіледі демесең…

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *