Халықаралық олимпиада комитеті ресми түрде Майя Манезаны чемпиондық атақтан айырды

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) канадалық ауыр атлет Кристин Жирарды Лондонда Олимпиада ойындарының 63 келі салмақ дәрежесіндегі ресми чемпионы деп таныды. 
«Өзімнің, бапкерлерім, отбасым мен жақтастарымның үлесінің арқасында 6 жыл өткенде олимпиада ойындарының бас жүлдесі менікі болды. Бұл алтын медаль «таза» спорттың куәсі болып табылады. Бұл мен үшін өте маңызды», — деді Жирар өз сөзінде. 

О баста канадалық спортшы қола медальді еншілеген. Ресейлік Светлана Царукаева күміс медалінен, ал қазақстандық Майя Манеза алтын медалінен допинг сынамасының оң нәтиже беруіне байланысты айырылып қалған болатын. Жирарға ресми түрде алтын медальді кейінірек табыстайды.

Еске салайық, 5 мамырда Манеза мен Зульфия Чиншанло екі жылға, ал Светлана Подобедова — 8 жылға спорттан шеттетілді. Олар 2012 жылы Олимпиада ойындарында жеңген медальдарынан төрт жылдан соң анықталған допинг сынамасынан кейін айырылды.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *